Қазіргі таңда болашақ ескерткіштің жобасына арналған конкурстың бірінші кезеңі аяқталып отыр. Қазылар алқасы бес жұмысты іріктеп алды, екінші кезеңде сол жобалар күресті жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Вице-губернатор Людмила Косткинаның айтуынша, «іріктеп алынған жобалар конкурстың ұсынылған тақырыбына сәйкес келеді, дегенмен авторлар, қазылар алқасының сын-ескертулерін ескеріп, жобаларын толықтырулары керек».
Қала өкіметінің қалауы - соғыс жылдары зауыттарда ересектермен қатар еңбек еткен, өртенгіш бомбаларды сөндірген, жаралыларға көмектескен жас ленинградтықтардың образын лайықты көрсету.
Конкурстың екінші туры үш айдан кейін өтеді деп жоспарлануда.