Петерборлықтар жаппай қар тазалауға шықты

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен әскерилер - 1 мыңнан астам адам көшелерді қардан тазалауға жұмылдырылды.

  Олардың міндеттері -  тұрғындардың   қоғамдық көлік  өткелдері мен  аялдамаларына   кедергісіз   жетулерін  қамтамасыз  ету,  деп  хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне     қалалық  абаттандыру  және жол шаруашылығы  комитетінен.

Қаланы    қардан  тазалауға   қолдарынан  келгенше көмектескісі келетін  тұрғындар  үшін     2 мың   күрек  арнайы сатып алынды.       Абаттандыру комитетінің кезекші қызметіне  хабарласып, құралды кез-келген адам   алуға болады.

Желтоқсанның 20-сынан бері  Петерборда     қардың айлық нормасы  жауып  отыр.    Қазіргі  таңда  қар  қабатының  қалыңдығы   35 см-ден   асады.