«Біздің кәсіпорынның басшылығы өздерінің ауру-сырқаулығына қарамастан балаларын бағып-қағып отырған көпбалалы аналарға қолдау көрсетуге ұйғарды. Бүгін біз оларға материалдық көмек көрсеттік», - деді кәсіпорынның әкімшілік және PR бойынша менеджері Еркін Жұмаділ.
Ол сондай-ақ қайырымдылық акциялары кәсіпорында үнемі өткізіліп отырғанын атап өтті. Мұнайшылар көпбалалы аналардың жағдайы жөнінде «Ару-аналар» көпбалалы аналар бірлестігімен ынтымақтастықтың арқасында біліп отырады. Бұл жолы мұнай өңдейтін кәсіпорын басшылығы көмекке 1 150 000 теңге қаржы бөлді», - деп атап өтті Е.Жұмаділ.