Қалада баға мониторингімен айналысатын штаб құрылды. Меморандумға сәйкес, 20-дан астам маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізушілер өнімдерді жеткізу кезінде қоятын үстеме бағаларды көрсетулері керек.
Базар басшыларымен меморандумға қол қою барысында атап көрсетілгендей, егер бірінші кезектегі қажет өнімдерге қосылған үстеме баға 10 пайыздан асса, онда келісімшарттың күші жойылады.
Әкімдік қабылдап отырған осы және басқа да шаралар бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарлардың бағасын ырықтандыруға негізделіп отыр.