«Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының ақпаратынша, жаңа пойыз жүру уақытын бір жарым есеге қысқартады, ол жаңа вагондардан құрылатын болады. Петропавл қаласынан тақ күндері аттанады. Бұдан басқа, Алматыға дейін темір жолмен №152 жүрдек пойызымен немесе Екатеринбор-Алматы бағытындағы пойызбен жетуге болады.
2013 жылдың жазынан бастап «Жетісу» пойызы күн сайын жүре бастайды, ал вагондардың саны 35 бірлікке дейін өседі.