Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өртте 3 адам, соның ішінде үш жасар бала мерт болды

ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан 2 ересек адам мен 3 жасар бала көз жұмды. Оқиға орнынан 26 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Мәлім болғандай, өрт 12 қазан күні, сағат 22.59-да Чайковский көшесіндегі бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерден шыққан. Екі шаршы метр аумаққа тараған тілсіз жаудың ошағы 22 минутта жойылып, тағы 19 минуттан кейін толығымен ауыздықталды.

Құтқарушылар өрт орнынан 37 жастағы ер адамның, 57 жастағы әйел мен 3 жасар ер баланың мәйіттерін тапты.

Жалынмен ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы күресті.