Петропавл түбінде жанар-жағармай құю стансасын тонап кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл маңында жанар-жағармай құю стансасы тоналды, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

«Петропавл маңындағы жанар-жағармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасау фактісі 10 қарашада ҚР ҚК 192-бабы бойынша сот алдындағы тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазір СҚО полицейлері қылмыстың бетін ашу және қаскөйлерді ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын өткізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде пайда болған бейресми деректерге қарағанда, бетперде киген екі ер адам «Эталон» фирмасының жанар-жағармай құю стансасына шабуыл жасап, 1 500 000 теңгені жымқырды.