Жаңа есептуіштер ай сайын электр энергиясына көрсеткіштерді тапсырудан құтылуға мүмкіндік береді. Аспаптар деректерді автоматты режімде өздері жіберіп отырады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «СҚ ӨЭК» АҚ электр энергиясының нормативтік шығынын төмендету бойынша 2 жылдан бері ЭКЕАЖ енгізу жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлген займға 13 мың қондырғы орнатылатын болады», - деп хабарлады «СҚ ӨЭК» АҚ бас директорының орынбасары Евгений Политкин.
Оның айтуынша, бұлар СҚО-дағы бүгінгі таңдағы ең заманауи есепке алу қондырғылары.
«Біз мұнан тарифтерді, күнді, уақытты көре аламыз. Тұтынушының қондырғыдағы түймені басып қажетті ақпаратты білуіне, электрлік қысымды анықтауына болады. Бұл есептеуіш ақпаратты кіші стансада орнатылған маршрутизаторға автоматты түрде беріп отырады», - деп атап өтті Евгений Политкин.
Қондырғының көрсеткіші «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының» орталық серверіне жіберіледі.