Балалар мен жастар қуанышы үшін облыс орталығында мереке қарсаңында 30 мұз айдыны құйылған, олардың 24-і - жалпы білім беретін мектептер жанында, ал конькиді жалға беретін 6 мұз айдыны - «Қарасай» және «Жастар» стадиондарында, тағы екеуі - көшелер қиылысында, біреуі - «Пёстрое» көлінде жасалған.
Балалардың белсенді демалуы үшін 9 хоккей қорабы орнатылған, олардың төртеуі - жалпы білім беретін мектептер жанында. «Қарасай» және «Жастар» стадиондарында екі корт, ал тағы үшеуі - тұрғын үйлер аулаларында пайда болды.
Бұдан басқа, жалпы білім беретін мектептер мен тұрғын шағын аудандарда 30 қарлы төбешіктер жасалды.