Петропавлда 100-ден астам оқушы полицейлер ұйымдастырған би флеш-мобына қатысты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бұл мәдени-бұқаралық шараны Петропавл қалалық ювеналдық полициясының қызметкерлері «STOPҚылмыс» акциясының аясында өткізді.

Би флеш-мобына 100-ден астам мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Жарты сағаттың ішінде түрлі мектептерден келген 100-ден астам оқушы отандық және шетелдік орындаушылардың танымал хиттеріне биледі. Біз балалардың шақыруымызды қабылдап, акцияға қатысқандарына қуаныштымыз. Осындай диалогтың арқасында біз қоғамның жас мүшелеріне өмірдің кел келген жағдайында өзін лайық ұстауға тиістігін, әділ болу, заңды құрметтеу керек екенін жеткізе алдық», - деп атап өтті Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары Асан Смағұлов.

Оған қоса, тәртіп сақшылары «нөлдік төзімділік» жұмысының негізгі қағидаттары туралы баяндап, заңнаманы білу викторинасын өткізді. Оқушылар жол жүру ережелері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке қатысты сұрақтарға жауап берді. «Нөлдік төзімділік» туралы күрделі сауалдарға да жауап беру олар үшін қиындық туғызбады.

Жеңімпаздар қойын дәптерлер, қаламдар және тағы басқа кеңсе тауарларымен марапатталды.