«Полицияға Петропавл тұрғыны қоңырау шалып, үйінен ірі сомадағы ақша ұрланғанын хабарлады. Жапа шегушінің айтуынша, ұрлық түске дейін жасалған. Қаскөй үйге терезе арқылы кірді деп болжанды.
Жедел тергеу тобының қызметкерлері қаскөй пластикалық терезеге зақым келтіріп, үйге кіргенін анықтады. Петропавл ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде күдікті қолға түсті», - делінген хабарламада.