«Акция басталғалы қала тұрғындары полицияға қарудың 479 бірлігін тапсырды. Соның ішінде оқпансыз травматикалық қару - 198 бірлік, газ-травматикалық қару - 281 бірлік. Олай болғанымен, полицейлер азаматтарды бұдан да белсендірек болуға шақырады. Жалпы алғанда, жыл басынан бері Петропавл қалалық ІІБ облыстағы травматикалық және газ-травматикалық қару иелерінен есепте тұрған травматикалық қарудың 91 пайызын қабылдаған», - делінген хабарламада.
Акция барысында қарудың техникалық жағдайын анықтау және жеке тұлғаларға тапсырылған қару үшін төлемді орнату бойынша жалпы сомасы 16 000 000 теңгеден асатын 350 материал бойынша тұжырымдар қарастырылып, шығарылды. Олар азаматтарға ақшалай сыйақыны төлеу үшін облыстық ІІД-не жолданды. Травматикалық қаруды тапсыру бойынша акция 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.