«Біз мереке қарсаңында қаланы безендіргіміз келді. Шаңырақ 12 гүлмен көмкерілген лентадан тұрады. Бұл жасанды гүл. Түрлі-түсті гүлді қолдануға тырыстық. Бұл жерде 1500 жарық диодты шам бар. Сондай-ақ облыстық театр алдына гүлден жасалған шарлар мен арқа орнаттық», - деп хабарлады фирма өкілі.
05:15, 28 Тамыз 2015
Петропавлда қала күніне орай гүлден жасалған жарық диодты шаңырақ орнатылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 12 шілдеде Петропавл қаласының негізі қаланғанына - 263 жыл толады. Мереке қарсаңында Астанадан келген компания орталық алаңға гүлден жасалған жарық диодты шаңырақ орнатты.