Петропавлда Конституция күніне орай аквапарк ашылады

ПЕТРОПАВЛ. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Танымал солтүстікқазақстандық кәсіпкер Сергей Леонтьев Қазақстанда бірегей болып саналатын аквапарк құрылысы жобасын жүзеге асыруда.

Оның ашылуы республикамыз үшін мерейтойлық жылда тойланатын ҚР Конституциясы күніне орайластырылып отыр.

Аквапарктың құрылысы үшінші жыл жүріп жатыр, алдағы уақытта оның ішкі бөлмелерін әрлендіру жұмыстары басталады. Қысқы аквапарк, ал шынтуайтына келгенде, спорттық-сауық құру кешені 6 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Бір мезетте оның ішінде мың адам бола алады.