Петропавлда мас әйел 31 жастағы баласын өлтірді

ПЕТРОПАВЛ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 10 қыркүйек күні таңертең Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің жедел басқару орталығына Целинный көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйлерінің бірінде қайғылы оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түсті,

деп мәлім етті облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына келген дәрігерлер 31 жастағы Жұмысшы кенті  тұрғынының  өлігінің үстінен шықты. Жедел-тергеу тобына қылмыскерлерді іздеу және ұстау қиындық тудырмады. Оны өзі сияқты мас күйінде болған 54 жастағы анасы өлтіргені анықталды.

Отбасы мүшелері жұмыста болған кезде олар спирттік ішімдіктер ішкен. Анасы мен баласы жиі ұрысатын. Жақында отбасы мүшесі отын, көмір, қысқа киім алу үшін банктан несие алған еді.

Баласы ақшаның бір бөлігін араққа жұмсаған, қалғаны әмиянының ішінде болған. Анасы оны тығып қойып, баласына беруден бас тартқан көрінеді. Екеуінің арасындағы  жанжал осыдан басталды. Сол кезде үйге келіп қалған баласының досы осы қылмыс жасалар алдында үйде аздап тыныштық орнағанын айтты. Бір кезде әйел кенеттен баласының мойнына пышақ ұрған, одан кейін мұның жанұшыра жедел жәрдем  шақырғанын қарап отырған.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Петропавл қалалық ІІБ-ның аға тергеушісі Алла Симченконың айтуынша, отбасылық жанжалға алкоголь себеп болды. Әйел соңғы уақытта арақты жиі ішкен. Қылмыс жасаған күні ол орташа алкогольдік мас күйінде болған.