Қан тапсырмастан бұрын әлеуетті донорлар анкета сұрақтарына жауап беруі тиіс еді. Содан кейін алдын ала талдауға қан тапсырып, терапевтің қабылдауында болады, бұл жерде гемоглобин мөлшерін, қан қысымын және антропометриялық көрсеткіштерін - дене салмағы мен бой ұзындығын тексерістен өткізеді.
Бүгінде облыстық Қан орталығының банкінде облыстың барлық медициналық мекемелерін қанмен қамтамасыз етуге жарайтын құрамында эритроциттері бар 2 тоннадан артық плазма сақтаулы.
Облыстық Қан орталығының директоры Сабыржан Тәуекеловтің айтуы бойынша, орталықта ақысыз донорларды тартуға байланысты мақсатты жұмыстардың арқасында донорлар саны артуда.
"Мен біздің белсенді донорларымыз - ішкі істер департаменті қызметкерлеріне, жол полициясына, медициналық мекемелердің қызметкерлеріне, сонымен қатар бірнеше рет қан тапсырған қала тұрғындарына донорлық қозғалыста белсенділік көрсеткендері үшін шексіз алғысымды білдіремін", - деп айтып өтті Қан орталығының басшысы.