Петропавлда мектеп оқушысы жаңажылдық мерекеге «ЭКСПО-2017» костюмін киіп келді

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ҚР Президенті атынан «EXPO жаңажылдық оттары» жаңажылдық театрландырылған қойылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шыршаға облыстың түрлі аудандарынан және Петропавл қаласынан 200 бала жиналды. Олардың арасында ата-анасынан айырылған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және дарынды солтүстікқазақстандықтар бар.



Балаларды келе жатқан Жаңа жылмен СҚО әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. «Сендер - еліміздің болашағысыңдар. Сендер тәуелсіз және гүлденген Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеп, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарды еселей түсесіңдер. Сендердің қазіргі міндеттерің жақсы оқып, Қазақстанның білімді, тәртіпті азаматтарына айналу», - деді өңір басшысы.



Биылғы карнавалдық тақырып ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және «ЭКСПО-2017» көрмесімен, Қазақстан белгілерімен тығыз байланысты.



Мерекеге қатысқан әрбір оқушы сыйлыққа ноутбук, тәттілер, кітаптар және құтттықтау ашықхаттарын алды. Қойылымнан кейін балаларды мерекелік дастархан күтіп тұрды.