«Таза жағалау» экологиялық шарасы кең таралған «Бірлігіміз жарасқан» науқанының аясында ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараның мақсаты - аймақтағы экологиялық жағдайға, әсіресе, Есіл өзені жағасының ластануына қоғам назарын аударту болып табылады.
Акцияға жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, ЖОО-лар мен колледжердің студенттері, барлығы 100-ге тарта адам қатысты.