Петропавлда мұғалімдердің тамыз мәслихаты болып өтті

ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Сәрсенбі, тамыздың 25-і күні Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті, жиын барысында өткен оқу жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер талқыланды. Форум жұмысына облыс әкімі Серік Біләлов қатысты.

Бұл мәслихат «Қазақстан Респеубликасы білім беру жүйесінің қазіргі даму стратегиясы: жаңа талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өтті.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы Темірғали Әбілмәжінов өз баяндамасында басты міндеттер білім берудің 12 жылдық модельдің енгізілуі, мектепалды білім берудің дамуы мен кәсіби білім беру деңгейінің артуы болу керек екенін атап өтті. Жыл аяғына дейін Петропавлда 750 орынға арналған мектепалды білім беру мекемелері өз есігін ашады. Ал жалпы облыс бойынша биылғы жылы 5965 орындық білім беру мекемелерін ашу жоспарланған.

Мәслихатта облыс әкімі Серік Біләлов сөз сөйлеп, республикмыздағыдай, аймақ бойынша да білім беру ең басты салалардың бірі болып табылатындығын атап өтті. 2005 жылы облыстық білім беру жүйесіне жұмсалған мемлекеттік шығын 10,5 млрд. теңгені құраса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 27 млрд. теңгеге жеткен, яғни 2,5 есеге артық.

Жиын соңында алдыңғы қатарлы педагогтар мен білім беру ұжымдары маратаптталды. Аймақ басшысы ҰБТ бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жеткен Тимирязев ауданының білім беру бөліміне бірінші жүлденің кубогы мен 300 мың теңге көлемінде жүлдені табыс етті.

Сондай-ақ білім беру саласының ардагерлері мен жас мұғалімдер де марапатталып, 30 мың теңгеден сыйақы алды. Облыс әкімі педагогтарды келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады.

Шара барысында Омбы мемлекеттік аграрлық университеті мен аграрлық сала мамандарын дайындайтын Есіл кәсіби колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.