Жексенбі күні күндіз болған бұл оқиғаның салдарынан барак типтес тұрғын үйдегі пәтер өртенген.
«Өрт 20 шаршыметр жерге жайылған. Оқиға орнында 4 баланың: 2011 жылы, 2009 жылы, 2006 және 2003 жылы туылған балалардың денелері табылды», - делінген жедел ақпаратта.
Өрт Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.