ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт бірінші қабаттағы бөлмеде 6 қазанда таңертең ертемен орын алды. Өрт 07 сағат 25 минутта ауыздықталды.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы мен 11 адам жеке құрамы тартылды.
Өрт 2 шаршы метр жерді алды. Өртті сөндіргеннен кейін 1952 жылғы ер азаматтың мәйіті табылды.