«29 мамырда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері жедел іздестіру барысында 1000 доллар көлемінде пара алған деген күдікпен Петропавл қаласының қорғаныс істері басқармасының бастығын ұстады. Ақшаны ол студентті әскери кафедрада білім алуға жарамды деп тану мәселесін оң шешіп беруі үшін талап еткен», - делінген хабарламада. Сот алды тергеу жүргізілуде. 31 мамырда Петропавл гарнизонының әскери прокуроры күдіктіге қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады.
20:40, 01 Маусым 2015
Петропавлда пара алған әскери басқарма басшысы ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 1000 доллар көлемінде пара алғаны үшін Петропавл қалалық Қорғаныс істері басқармасының бастығы ұсталды, бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.