Петропавлда полицияның бірқатар кешенді рейдтері өткізілді

ПЕТРОПАВЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері Петропавл қаласында кең ауқымды шара өткізді, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты  - криминалдық жағдайларды анықтау, жолын кесу және қылмыс пен  құқық бұзушылықтың алдын алу.

Рейдтердің жаппай кешені облыстық ІІД-нің басшысы, полиция полковнигі Мұрат Орынхановтың бастамасымен өткізілді. Облыс орталығына облыстық ішкі істер департаментінің 6 аудандық бөлімшесінен полиция қызметкерлері қалалық әріптестеріне көмекке келді.

«Тазарту» жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жүргізілді. Қаланың аумағына кіретін саяжайлар мен қалалық ІІБ-нің есебіне алынған азаматтар тұрғылықты мекен бойынша тексерілді. Сонымен қатар жатақханалар мен жертөлелер, шатыр мен арнайы мекемелер тексерілді.

Онымен бірге ІІБ қабылдау-үйлестіру қосынына нақты тұрғылықты мекені жоқ азаматтар жеткізілді. Олардың барлығы фото-бейне есепке алынып, қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоқ екендігі тексерілді. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жандандырылды.

СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, аталмыш шара барысында мүлікті ұрлауға қатысты 3 қылмыстың беті ашылды. «Ұрлық» бабы бойынша іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталды. Із-түссіз жоғалған екі азаматтың тұрғылықты жері анықталды.

Шара барысында әкімшілік бақылау мен шартты түрде босату, ресми түрме әкімшілік бақылауға алынғандар, бұған дейін сотталған 439 адам, олардың ішінде рақымшылықпен босатылған 63 адам, шартты түрде босатылған 160 және 117 тұрмысы нашар отбасы тексерілді.

Оған қоса болжамдық тұрғылықты жері бойынша 257 мемлекеттік қарызгер мен 43 алимент төлемеуші тексерілді. Бүгінгі күні олардың 10-ы анықталды.

400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шағын бұзақылық бойынша 11 оқиға, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық жерлерде мас күйінде болу бойынша 94 факті анықталды.