Театр ұжымын құттықтау үшін СҚО әкімі Серік Біләлов, кәсіпорындар мен мекеме өкілдері, өнер мен мәдениет қайраткерлері және көптеген көрермендер келді.
Өзінің алғы сөзінде аймақ әкімі: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы театрды ашып, бұл ұжымның қазақ тілі мен ұлттық мәдениетіміздің дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірген болатын. Осы жылдар ішінде театр көптеген жетістіктерге жетті», - деп атап өтті.
Ондаған актерларға облыс әкімі пәтер кілттерін табыстады, қызметкерлердің бірқатары ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталары, дипломдары, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.