Мектеп құрылысының учаскесі Береке ықшам ауданында орналасқан. Ол 720 оқушыға бейімделген, жатын корпусы 120 орынға арналған. Мектептің 68 оқу сыныбы, оның ішінде 20 оқушы сыйғыза алатын 21 кабинеті және 10 оқушы сыйғыза алатын 47 кабинеті бар.
Мектептің іргетасын қалау салтанатты шарасына СҚО әкімі Серік Біләлов, «Baur Construction» ЖШС мердігер-компаниясының президенті Қасым Жүнісов, Baur Kazakhstan АҚ басқарушы компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Абай Жүнісов және өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.