«Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу үшін Петропавл қаласының мектептеріне 2015 жылы қалалық және республикалық бюджеттерден 156 млн. 380 мың теңге бөлінген. Білім бөлімі 14 баспаханамен келісімдер орнатты. 2015-2016 оқу жылында облыс орталығы мектептерінің оқулықтармен 100 пайыз қамтылуы болжанып отыр. 4, 5, 6, 11 сыныптардың оқулықтары қайта басылып шығарылды. Қазіргі уақытта жеткізуші Петропавлға бүкіл кітаптарды әкелді», - деді Г.Әлжанова.
Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан облысында аймақ мектептерін жаңа оқулықтармен қамтамасыз етуге облыстық және республикалық бюджеттерден 400 млн. теңге жіберілген, деп ақпараттандырды білім басқармасынан.