Петропавлда жасөспірімдер арасында қазақша күрестен республика чемпионаты өтті

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда жасөспірімдер арасында қазақша күрестен өткен республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен және Астана мен Алматы қалаларынан 16 команда қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.200-ден астам жас балуан екі күн бойы наградалар үшін таласты. Қазақстан Республикасының қазақша күрестен бас мемлекеттік жаттықтырушысы Марат Жахиттің айтуынша, бұл жолғы чемпионат Петропавлда алғаш рет өтіп отырғанына қарамастан, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр, ал спортшылар жақсы шеберліктерімен көзге түсуде. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының балуандары чемпион атанды. Ал күміс жүлдені ?Астана командасы, қола жүлдені Қызылорда облысының құрамасы қанжығаларына байлады.