«Күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты 2015 жылы 18-19 шілдеде Петропавлда 37 жеке тұрғын үйді су басты. Алаңдаған азаматтар «112» қызметіне телефон соғып, көмек сұраған. ТЖД дағдарыс орталығының базасында жеделштаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», - деді СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Болат Итжанов.
Адамдарды құтқару шарасына 40-тан астам құтқарушы мен 12 техника тартылды. Үйлерден 1 500 текше метрден астам жауын суы шығарылды, деп хабарлады ведомствода.