Жиын барысында облыс орталығының осы салдағы екі ірі кәсіпорны, атап айтқанда «Петропавл ЖЭО-2» ЖШС мен «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ның жұмыстарын қайта жаңғырту мәселесі сөз болды.
Қазіргі таңда қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін 9 және 12 қазандық пайдаланылады. Ұзақ мерзімді қайта жаңғырту бағдарламасы аясында тағы да үш қазандықты қайта жаңғырту көзделіп отыр.
Кездесуге қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.