деп хабарлады колонияның бастығы Бибігүл Мансұрова.
Кәмелетке толмаған сотталғандар Абылайхан Ордасының мұражайында болып, оның құрылу тарихымен, тарихи жәдігерлермен, ұлы қолбасшының өмірімен және ерлігімен танысты. Колония тәрбиеленушілері сондай-ақ, «Қызылжар» мешітінде және православ шіркеуінде болды. Экскурсия «Нұр Отан» партиясының Петропавл филиалының белсенді қолдауымен өтті.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай мәдени-бұқаралық шаралардың нәтижесі жасөспірімдерді тәрбиелеудің жалпы үрдісіне оң әсер етеді, түзету орындарында жақсы моральдық-психологиялық жағдай қалыптастырады, деп атап көрсетті Б.Мансұрова.