Бұл туралы «Жедел тұрғызылатын ғимараттар мен үймереттер зауыты» ЖШС директорының орынбасары Азамат Бекқожинов мәлім етті.
«Өткен жылдың қараша айында «Қызылжар инвест» инвестициялық форумында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің нысандарының құрылысы үшін бұйымдарды жеткізу туралы келісімшарт жасастық. Бүгінде металл құрылымдарының 30 пайыздан астамын, 600 тонна жасадық. Бұл көрме павильондарына арналған тірек (қаңқа). Бұл жоба біздің зауыт үшін маңызды. Біріншіден, бұл халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігі. Жаңа тапсырыстың пайда болуымен бізде 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы тапсырыстың құны - 500 млн. теңге. Павильон құрылысы бойынша жобаны мамыр айының соңына дейін жүзеге асыру көзделген», - деді А.Бекқожинов.