Он бір жастағы мектеп оқушысы сол күні үйінде жалғыз болған. Түс кезінде есіктің қоңырауын қаққан әйел өзін анасының Наташа есімді құрбысымен деп таныстырған. Ол анасына қарызын әкелгенін айтып, үйде отыра тұруды сұраған. Қыз бала басқа бөлмеге кетіп қалғанын пайдаланып, ұрлық жасайды да шұғыл шаруалары шығып қалғанын айтып кетіп қалады.
Қызы анасына қоңырау шалып, болған жағдайды айтқан соң анасы бірден күдіктенеді де үйіне келіп, шкаф ішіндегі ыдыста сақталып тұрған алтын бұйымдардың жоғалғанын көреді.
Ұрлықшы әйел 30-35 жаста екені белгілі. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.