Польша американдық әскерлердің мәртебесі туралы шартты ратифициялады

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Польшаның сеймі АҚШ әскерлерінің мәртебесін реттейтін SOFA поляк-американдық шартты ратифициялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Шарт американдық әскери қызметшілердің уақытша болуын, одан кейін - 2012 жылдан бастап - Patriot зымырандары орналастырылатын АҚШ-тың Польшадағы тұрақты әскери базасын құруды көздейді.