«2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елшілік ҚР азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын атқарып жатыр», - деді СІМ баспасөз қызметінен.
18:32, 03 Қараша 2020
Польшада 16 жастағы Қазақстан азаматын атып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшада Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.