АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Польша президентінің міндетін атқарушы Бронислав Коморовский елде президенттік сайлау маусымның 20-сында өткізілетінін жария етті. Сайлау мемлекет басшысы Лех Качиньскидің Смоленск түбіндегі ұшақ апатындағы қазасына байланысты тағайындалып отыр,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Польша Конституциясына сәйкес, сайлау ол туралы жария етілгеннен екі айдан кешіктірілмей жексенбі күні өтуі керек.
Ұшақ апатына дейін, елдегі кезекті президенттік сайлау ағымдағы жылдың қазан айының ортасында өтеді деп жоспарланған болатын.