Польшаның Варшава қаласында басталған халықаралық турнирге қазақстандық боксшылар да қатысуда

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, сейсенбіде Польшаның Варшава қаласында бокстан «Феликс Стамм» атты XXVII дәстүрлі халықаралық турнирі басталды.

Оған қазақстандық былғары қолғап шеберлері де қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ересек ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан халықаралық турнирде ерлер 11 салмақ, әйелдер 3 салмақ дәрежелері бойынша күш таластырады. Біздің еліміздің сайыпқырандары Біржан Жақыпов (48 кг), Данияр Төлегенов (54 кг), Данияр Елеусінов (64 кг), Серік Сәпиев (69 кг)., Нұрдәулет Жарманов (75 кг), Рүстем Іргебаев ( 91 кг) салмақта бақтарын сынамақ.