Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға екі адамның жоғалып кеткендігі туралы арызбен 11 маусым күні олардың туыстары барған. Жоғалып кеткендердің қайда екенін анықтау үшін ІІД аппаратының үздік қызметкерлері қатарынан тергеу-жедел тобын құрды. Полицейлер Серік Бимурзин және Мұхит Құбаев 29 мамыр күні «Тойота Ланд Крузер-200» автокөлігімен Алматыдан шығып, 1 маусым күні Маңғыстау облысына келгенін анықтады.
«Жоғарыда аталған автокөліктің тіркеуін тексерген кезде ІІД жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімінің есеп мәліметтері бойынша 5 маусым күні «Тойота Ланд Крузер-200» автокөлігінің иесі К. есімді азаматтан (1973 жылы туған) С. есімді азаматқа (1975 жылы туған) жаңа тіркеу нөмірін меншіктеп, қайта ресімделген», - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер 13 маусымда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, бұл көліктің жаңа иесі С. есімді азаматты ұстады. Ұсталған азамат, тергеу хабарлағандай, мойындау түсініктемелерін берді. Оның сөзіне қарағанда, 1 маусымда туысы болып келетін К. есімді азамат Маңғыстау ауданы Ақтау қаласынан 104 шақырым қашықтықта орналасқан «Қараман-Ата» зиратында Серік Бимурзин мен Мұхит Құбаевты өлтірді. Бір күннен кейін С. есімді азамат К. есімді азаматтың өтінішімен екі адамды өлтірген қару-жарақты және оларды жерлеген орынды жасыруға келіскен. 65 мың теңгеге ол көрсетілген жерде жер жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техника жалдаған.
«13 маусым күні жерленген жерді тексеру барысында оқпен атып өлтірілген белгілермен екі ер адамның мәйіті табылып, қазылып алынды. Туыстары оларды Бимурзин және Құбаев деп таныды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ІІД-де.
Одан басқа, ұсталған адам өз еркімен сөмкені көміп тастаған жерді (Ақтау- Жаңаөзен автомобиль жолынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан) көрсетті. Онда қару-жарақ - сериялық нөмірі жоқ қорабымен және 7,62 мм калибрлі 57 патронымен қоса «Байкал» маркалы тапанша, сондай-ақ, екі бронежилет және тапанша қаптары табылған.
Күдікті С. есімді азамат Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімі 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қылмыс жағдайлары анықталуда, Маңғыстау облысы ІІД Тергеу басқармасы тергеу жүргізуде. Екінші күдікті К. есімді азаматтың орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша шаралар қолданылуда», - деп қорытты полицияда.