Операциялар барысында (ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында) қылмыстың осы түрі бойынша 25 оқиға тіркелген. Бұл жөнінде бүгін Қостанай облысы ішкі істер департаментінде өткен апталық брифингте қылмыстық полиция басқармасының өкілі Рамаш Шыжбанов хабарлады.
«Пәтер» шұғыл-алдын алу іс-шаралары барысында жасы 27-дегі күдікті ұсталды. Тергеу амалдарының барысында ол жасаған үш ұрлық дәлелденді, - деді Р.Шыжбанов. - Қазіргі уақытта күдікті тұтқындалды, заттай айғақтар алынды, тергеу жалғастырылуда».
Қостанай облысында пәтер ұрлығын жасағаны үшін 50-ден астам адам ұсталды.