Полицейлер Павлодар тұрғынынан 27 киләдан астам есірткі тәркіледі

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда есірткі сату үстінде бұрын сотталмаған 40 жастағы азамат ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Еш жерде жұмыс істемейтін әлгі азамат есірткі бизнесімен күресу жөніндегі арнайы жасақтың бақылауына түскеніне біраз болған.Оның гаражындағы құпия орыннан жалпы салмағы 27,7 килә марихуана табылып отыр. Есірткі саудагері облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.