ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында ішкі істер органдарының арнайы бөліністері қызметкерлерінің арасында президенттік көпсайыстан ІІМ біріншілігі мәреге жетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық полицейлер осынау додада жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі. Сонымен қатар жекелей сында да олар алдыңғы орындардан көрінді. Атап айтқанда, жас ерекшеліктеріне қарай полиция лейтенанты Адамбек Бақтыбаев жеңімпаз атанса, полиция капитаны Қайырбек Кенбаев екінші, полиция капитаны Андрей Смирнов үшінші орынға көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).