16:33, 05 Қаңтар 2009
Полиция ардагерінің алғашқы кітабы жарыққа шықты
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Өскеменде аймақтық полицияның тарихына, полиция ардагерлерінің даңқты ұрпағына арналған кітаптың таныстырылымы өтті.
Оның авторы ? ІІМ ардагері, отставкадағы полковник Құрмат Рахимов, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі істер департаментінде өткен тұтас ұрпақтың өмірі мен қиын да күрделі тағдыры туралы ғұмырбаянның таныстырылымына автордың достары, шәкірттері мен достары, департамент басқармаларының бастықтары, ҚР ІІМ училищесінің түлектері, жас полицейлер қатысты. «Бұл революцияны, азаматтық соғысты, ұжымдастыру мен қуғын-сүргінді, соғыстан кейінгі елді қалпына келтіру, тың игеру, қайта құру мен КСРО-ның тарауы, ең ақырында тәуелсіз мемлекетімізді орнату сияқты кезеңдерді басынан өткерген ержүрек ұрпақ туралы ғұмырбаян-ойтолғау», - деді облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Арман Жалмұханбетов.Ардагерлер алыста қалған жастық шағын еске алды. Кездесу соңында автор кітапты шығаруға көмек көрсеткен ІІД ардагерлер кеңесіне, Шығыс Қазақстан облысының ішкі әскерлер басқармасына және генерал А.Жалмұханбетовке алғысын білдірді.Шығысқазақстандық ардагердің жаңа кітабы Қазақстан ІІМ білім беру кітапхананаларының қорын толықтырады.