Ирландия полициясының мәліметтері бойынша, әлгілер суретшіні, оның 2007 жылы швед газеттерінің бірінде жарияланған Мұхаммед пайғамбарға жасалған карикатурасы үшін өлтірмек болған, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Күдіктілердің төртеуі -ер азамат, үшеуі -әйел, барлығы -мұсылмандар. Сол оқиғадан кейін атына қоқан-лоқы жасала бастаған Вилкс Швеция полициясының қорғауында. «Әл-Кайедамен» байланысы бар лаңкестік топ суретшінің басы үшін 100 мың доллар сыйлық тағайындап отыр.