Еске сала кетейік, 7 тамызда сағат 23-те Павлодар облыстық балалар ауруханасына шаңғы роллер жарысына қатысқан
Щучинск қаласының жас спортшысы жеткізілді. Ол қонақ үйдің үшінші қабатынан құлап, түрлі жарақат алған. Қазір спортшы жансақтау бөлімінде, жағдайы жақсарып келеді.
«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады полицейлер.
Дене шынықтыру және спорт басқармасында жарысты ұйымдастырушылар бұл жазатайым болған оқиға деп есептейді.