Полицияның сервистік моделі халық қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етеді – Алексей Милюк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан полициясы қызмет көрсетудің сервистік моделіне біртіндеп көшіп жатқаны белгілі. Осыған орай ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктен сервистік моделдің мазмұнымен басымдығы жайында сұрап білген едік.

- Алексей Казимирович, біраз уақыттан бері Ішкі істер министрлігі полицияның сервистік моделі жайында айтуда. Сервистік модель дегеніміз не?

– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшу азаматтық қоғамның қажеттілігіне бағдарланған полицияны реформалаудың маңызды кезеңі саналады.

Сервистік модельдің басымдығы – заңға мойынсұнатын азаматтардың мүддесі. Шетелдік тәжірибе сервистік модельдің барлық елге бірдей әмбебап еместігін көрсетіп отыр және ол нақты жергілікті жағдайға бейімделеді. Осы мақсатта министрлік жетекші әлемдік тәжірибені және дәстүрлі полиция қызметін сервистік модельге бейімдеген түрлі елдің модель элементтерін енгізу кезеңдерін зерделеді. Сервистік полицияның ұлттық моделін қалыптастыру үшін шетелдік тәжірибеден бөлек қоғамның, отандық сарапшылардың, сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстары зереленді әрі ескерілді.

– Полицияның қазіргі жұмыс режимінен сервистік модельдің қандай айырмашылығы бар?

– Дәстүрлі және сервистік модельдің негізгі айырмашылықтарына қысқаша тоқталып өтейін. Полицияның дәстүрлі қызметінде негізгі мақсат қылмыспен күреске шоғарыланған. Осы осыған байланысты жұмыс мәнері негізінен құқық бұзушылыққа шұғыл әрекет ету болады. Соған орай басты нысанда қылмыс пен құқық бұзушы саналады. Ал көрсеткіші – айыппұл, тұтқынға алу, айыптау түріндегі жазалау іс-шараларының саны.

Ал сервистік модельде полицияның жұмысын бағалау өзгеше – құқық бұзушылықтың алдыналу, көмек көрсетуге дайын болу және халықпен сенімге негізделген қатынас орнату. Полицияның сервистік моделіндегі басымдыққа ие міндет – қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Азамат пен қоғамдастық – басты ошақ, ал қауіпсіздікті сезіну, полицияға сенім арту, қоғамдастық өмірінің сапасы тиімділік көрсеткіші саналады.

- Қазақстанда полицияның сервистік моделі қалай енгізіледі?

- Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ауқымды реформалаудың басталуы 2018 жылы Президенттің ел халқына Жолдауында айтылған. Онда Елбасы халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи үлгілерін енгізу, полицияны бағалау өлшемшарттарын түбегейлі өзгерту міндеттерін жүктеді.

Қазірдің өзінде оның түрлі нысқаларын кезең-кезеңімен бейімдеуге кірісіп кетті. 2020жылдың соңынан бері еліміздің бірқатар өңірінде сервистік модельдің ілкі жобалары біртіндеп іске қосылды. Жекелеген элементтері 2019 жылдан Қарағанды облысының аумағында және 2020 жылдың соңынан елордада іске асырылып жатыр. Сонымен қатар Алматы қаласында, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақмола облыстарында жобалық топтар жасақталған.

Жергілікті полиция қызметін жоспарлау және басқару жүйесі қалай өзгеруі тиістігін пысықтап жатырмыз. Қызметкерлерді бағалау мен ынталандырудың жаңа жүйесін құру бағытында жұмыс істеліп жатыр. Бизнестен алынған бизнес-процестерді реинжинирингілеу әдісі бойынша жұмыс үдерістерін оңтайландырамыз. Нақтырақ айтқанда, учаскелік және патурльдік полиция қызметкерлерінде әрбір азаматқан сапалы қызмет көрсету үшін уақыт та, мүмкіншілікте мол болуы үшін уақыт пен ресурс шығындарын алып тастаймыз.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының таяудағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау үшін полицияның сервистік моделін кеңінен тарату іс-шаралары қабылданып жатыр. Бұл жұмысқа биліктің жергілікті органдары да жан-жақты жұмылдырылып отыр. Бұған дейінгі алдын ала жүргізілген жұмыстар отандық сервистік модельді дамытуға жаңа әдістер әзірлеуге мүмкіндік берді.

- Жұмыстың жаңа моделіне көшу үшін ішкі істер органдарынан және қызметкерлерден не талап етіледі?

- Жалпы, сервистік модельге көшу үшін құқықтық та, ұйымдастырушылық та негіз бар. Кодекстер, оның ішінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу туралы» сынды салалық заңдар қабылданды. Тиісті мемлекеттік және қоғамдық институттар жұмыс істейді.

Орталық, өңірлік және аудандық деңгейде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылды. Президент реформасында көтеріп, тиісті жұмыс бастауға тапсырма беруіне орай жергілікті полиция қызметінде бөлімшелер құрылған.

Бұл процестегі ең маңыздысы – қызметкерлеріміздің қызметтегі идеологиясы мен мәдениетінің өзгеруі. Полиция қызметкерлеріміз құқық бұзушылықты және оған қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағдарланған. Сервистік полицейлер болса, көмек көрсетуге және сенімге негізделген қатынас орнатуға дайын. Яғни, басқарудың барлық дегейінде терең өзгерістер қажет-ақ.

Әлемдік тәжірибеге жүргізілген талдау бұл жұмысты түрлі сервистік элементтерді тесттен өткізуден, халық пен полицейлердің өздерін өзара қарым-қатынастың жаңа үлгісіне дайындаудан бастау қажеттігін көрсетіп отыр.

- Сервистік модельді енгізу азаматтардың полицейлермен өзара қатынасына қалай әсер етуі мүмкін?

- «Сервис» сөзін ағылшын тілінен аударсақ «қызмет» деген мағынаны береді. Демек, күнделікті өмірде түрлі салада халыққа қызмет көрсету деген сөз. Осы ретте сервистік екі түрі жайында сөз қозғауға болады.

Дербес сервис – бұл полицияның полицейлік қызметтерді сапалы ұсыну негізінде арызданушымен, зардап шегушілермен және құқық бұзушылармен жұмысы.

Ал ұжымдық сервис – бұл полицияның жергілікті билік органдармен қоғамдастықпен серіктесе отырып, қауіптерді анықтау және проблемаларды шешу.

Полицияға сервис көрсету қызметін жүктеген жағдайда, ол қоғаммен барынша белсенді түрде ықпалдасып, халыққа жақындай түседі әрі заң нормаларының сақталуына жауаптылық жүктейтін құқық қорғаушы мәртебесіне әлеуметтік қызмет мәртебесін қосып алатын болады.

Сервистік полицияның кешенді моделін құрудағы мақсат – барлық мемлекеттік құрылымдар мен қоғамның тиімді өзара іс-қимылы арқылы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, халыққа дер уақытында көмек көрсету арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Нәтижесінде халықтың қауіпсіздігі жан-жақты қамтамасыз етіліп, азаматтардың тәртіп сақшыларына сенім арта түседі деп күтеміз.

- Сұхбатыңызға рақмет!