«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет Бурабай ауданын дамыту үшін біраз жұмыстар атқарды. Сірә, сіздерден басқа бірде-бір ауданға осынша қаржы бөлінбеген шығар», - деді К.Мәсімов шілденің 7-сі күні Шучинскіде өткен Щучинск-Бурабай аймағын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.
Облыс және аудан әкімдері бюджеттік қаражаттардың тиімді жұмсалуына өте мұқият назар аударуы керек. Оны пайдаланудың тиімділігін осында тұратын адамдар сезінуі тиіс», - деп тапсырды Премьер.
Үкімет басшысы «халықтың шағымдары бар. Барлық мәселені мұқият қарау қажет», - деп атап өтті.