«Республикалық жобалық топтардың басшыларына, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне екі аптаның ішінде нысандарға жеке өздері барып, олардың жүзеге асырылу барысымен танысуды тапсырамын. Мемлекеттік ресурстардың есебінен шетелдік туризмді дамытқанша, одан да еліміздегі нысандарды аралап көріңіздер», деді Премьер-Министр бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына қолдаудың нақты құралдарымен толтыру бойынша тиісті бағдарламалдарды пысықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.