«Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан облыстарында «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылдық жоспардың орындалу деңгейі төмен. Сонымен қатар, Шымкент қаласында және Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе облыстарында Жұмыспен қамту жол картасы аясында жобаларды іске асыру деңгейі ең төмен. Бұл әкімдіктер жұмысты жандандыруы қажет», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам қазақстандыққа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды жаңа жұмыспен қамту жоспарланған.