еңбекпен қамту, жалақы және жәрдемақы төлемеу мәселелеріне қатысты блогқа келіп түскен сауалдарға тыңғылықты жауап беруді жүктеді. Бұл тапсырманы үкімет басшысы бүгін аталған министрліктің алқа мәжілісінде берді.
Жұмыстың болуы немемесе болмауы, зейнетақы мен жәрдемақы әрбір адамға қатысты болғандықтан оған байланысты сауалдардың да көп болатынын, сондай-ақ соңғы екі жылда жария кеңістікте, яғни блогтардың жұмыс істеп тұрғандығын атап өткен К.Мәсімов: «Маған көп сауал келіп түсті. Олар зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу, жалақы мен жәрдемақы төлемеу мәселелеріне қатысты. Олардың барлығы да жария кеңістікте бар және оларға біз жауап беруіміз керек», деді.
Осыған орай Үкімет басшысы министрге өзі іріктеп алып келген сауалдарды беріп, олардың барлығының мән-жайын анықтап, жауап беруді жүктеді.