деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен бүгін Қаржы министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігіне вокзалдарды Қазақстан теміржолы компаниясына қайтару туралы мәселені пысықтауды және маған тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Мен ол ұсыныстарды қолдаймын, сондай шешім қабылданды», деді Үкімет басшысы бүгін ҚТЖ-ның жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде.
Осы орайда Премьер-Министр барлық теміржол компанияларының вокзалдарға тең құқықты қол жеткізілімін қамтамасыз ету және тиісті деңгейде қызмет көрсету үшін жағдай жасау керектігін айтты.