«Менің ойымша, бүгін біз Мемлекет басшысы осыған дейін көтерген барлық мәселелерді тыңғылықты талқыладық. Біз кәсіпкерлерді қолдау бойынша талқылаған ағымдағы барша бағдарламаларды бірыңғай дағдарысқа қарсы жоспарға біріктіруіміз керек»,-деді К. Мәсімов Үкімет отырысы барысында.
Атап айтқанда Премьер-Министр ҚР Ұлттық экономика министріне кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі осындай дағдарысқа қарсы жоспарды құруға тапсырма берді.